Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025

Атырауда ер адам көпірден секіруге оқталған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 18 желтоқсанда болған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері, полиция аға сержанты Салтанат Орынбаева мен полиция майоры Айгүл Адракова бейнебақылау камерасы арқылы Жайық өзенінің үстіндегі көпірден секіруге оқталған адамды байқап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда ер адам көпірден секіруге оқталған

фото: azh.kz

«Орталық қызметкерлерінің хабарынан соң оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан жедел жетті. Олар көпірден секіруге әрекет жасаған 45 жастағы ер адамды әңгімеге тартып, райынан қайтарды. Полицейлердің кәсіби әрі батыл әрекетінің нәтижесінде ер адам қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жедел-тергеу тобы ер адамның бұл әрекетке бару себебін жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу амалы басталды.  

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35