Фото: Ашық дереккөз
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 желтоқсан күні болған.
Қазіргі уақытта бес бала Зачаган кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған. Олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Ал балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.
Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ведомство өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.