Ұлттық компанияның мәліметінше, еліміздің бірқатар облысында жаңбыр аралас қар мен қар жауады деп болжанып отыр. Бұл жол жағдайының күрделенуіне әкелуі мүмкін.
Қолайсыз ауа райы келесі өңірлерде күтіледі:
-
Ақмола облысы
-
Батыс Қазақстан облысы
-
Қарағанды облысы
-
Ақтөбе облысы
-
Қостанай облысы
-
Маңғыстау облысы
-
Атырау облысы
-
Солтүстік Қазақстан облысы
-
Павлодар облысы
-
Шығыс Қазақстан облысы
-
Алматы облысы
-
Абай облысы
-
Ұлытау облысы
Жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау ескертілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауға шақырады. Сондай-ақ тасжолда көктайғақтың пайда болуы мен көрінудің нашарлауын ескеру қажет.
Айта кетейік, Республикалық автожолдардың жай-күйі мен ауа райы жағдайы туралы жедел ақпарат алу үшін жүргізушілер тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласа алады.