Оқиға • Бүгін, 10:10

Мемлекет және қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Философ-академик, қоғам қайраткері, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған, ғалым Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет және қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды

Фото: Ашық дереккөз

Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ғалымның жетекшілігімен 10 ғылым докторы және 40-қа жуық ғылым кандидаты даярланды.

Әбділдиннің еңбектері диалектикалық логиканың теориялық-методологиялық мәселелерін терең талдаумен ерекшеленеді. 

Жабайхан Әбділдин 2000 жылы ол «Барыс» орденінің II дәрежесімен, кейін ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен марапатталды. 2022 жылы «Барыс» орденінің III дәрежесін иеленді.