Төтенше жағдай • Бүгін, 11:05

Қызылордада 13 адам өрттен құтқарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесіндегі 9 қабатты үйден шыққан. Жетінші қабаттан байқалған жалынға ТЖМ мамандары жедел жетіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 13 адам өрттен құтқарылды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтарумен бірге адамдарды эвакуациялауға кіріскен. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында 13 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Өрт қысқа мерзім ішінде сөндіріліп, саладағы «Апаттар медицинасы орталығы» мамандары тұрғындарға көмек көрсетті.