Фото: Ашық дереккөз
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, тергеу екі бағытта жүргізіледі. Бас прокуратура қылмыстық құрамды анықтайды, ал Көлік министрлігі авиациялық апаттың техникалық себептерін тексереді.
«Көлік министрлігі тергеуді аяқтауға жақын. Қазіргі кезде технологиялар, аэронавигациялық құралдар және басқа жабдықтарға қатысты лицензия берушілер мен өндірушілерден қорытынды есеп күтіп отырмыз. Сондықтан биыл немесе келесі жылдың басында тергеу нәтижесі жарияланады. Бас прокуратураның тергеуінде де ілгерілеу бар. Көршілес мемлекеттер басшыларының мәлімдемелері ескерілген. Осы тұрғыда келесі жылы толық аяқталады деп үміттенеміз», деді Қанат Бозымбаев.
Естеріңізге сала кетйік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған, оның ішінде бес экипаж мүшесі бар. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалды. Айта кетейік, ұшақта Қазақстанның 6 азаматы болған еді.