Аймақтар • Бүгін, 09:00

Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, Алматы облысында қалың тұман түскен. Осыған байланысты өңір арқылы өтетін бір автожолда көлік қозғалысы шектеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Azattyq Rýhy

Бүгін таңғы сағат 7:15-тен бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 25–67 шақырымдары (ААП– Қонаев қаласы) аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Компания аталған жол бөлігін шамамен 10:00-де ашу жоспарланғанын мәлімдеді.