Медицина • Бүгін, 17:36

Дауыс роботтары алматылық емханаларға пациенттерге қамқорлық жасауға көмектеседі

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының барлық емханасына ADMC жобасы аясында дауыс роботтары енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Дауыс роботтары алматылық емханаларға пациенттерге қамқорлық жасауға көмектеседі

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Дауыс роботтары күн сайын қала тұрғындарына вакцинация, скрининг, флюорография және профилактикалық тексеруден өту бойынша қоңырау шалады. 

Бұған дейін медбикелер күніне 15-20 ем алушыға ғана қоңырау шалып, бұл іске біршама уақыт пен энергиясын жұмсап келген. Енді медбикелердің жұмысын дауыс роботтары жеңілдетпек.

Роботтар қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді және жауап алғанға дейін қоңырау шалуын тоқтатпайды.

Жасанды интеллект жүйесінің арқасында олар мыңдаған қоңырауды бір уақытта өңдей алады, бұл емханалардың жұмыс істеу тиімділігін арттырады.

Жобаны Almaty Digital Medical Center жүзеге асырған. Орталықта дәрігерлердің науқастарға көбірек уақыт арнауына мүмкіндік беретін 1312 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, телемедициналық патронаж және онлайн-кеңес жүйесі де енгізілген.