Қазақстан • Бүгін, 10:01

Ауғанстандағы гуманитарлық миссияға Қазақстан дәрігерлері қатысып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған елде магнитудасы 6,3 болған қатты жер сілкінісі (3 қараша) болғаны мәлім. сол орайда Қазақстан тарапынан медициналық көмек көрсету жалғастырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстандағы гуманитарлық миссияға Қазақстан дәрігерлері қатысып жатыр

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Президенттің тапсырмасымен өткен аптада мемлекеттік резервтен дәрі-дәрмектер, хирургиялық құралдар, таңғыштар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті ресурстар, яғни, гуманитарлық жүк жеткізілді. Сол кездерде медициналық бригада да жіберілді.

Мамандар жергілікті дәрігерлерге пациенттерді орналастыруға, хирургиялық емшаралар кезегін жоспарлауға, бірлескен талдаулар жүргізуге және ең қиын жағдайларда көмекке келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан дәрігерлері ондаған консультациялар өткізіп, зерттеп-қарап, оталар жасады.

Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, еліміздің дәрігерлер бригадасы құрамында академик Н.Батпенов атындағы ҰҒТОО-нан: О.Бекарысов, Д.Ғалым, А.Долгов, Р.Әбілов, Б.Тұрлыбеков; Ұлттық нейрохирургия орталығынан: С.Карібай, Н.Әшіров, А.Қадыров; Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан: А.Сатыбалдин, С.Нұртазин, Р. Сәлімов, А.Қыдырбаев, Г.Түсіпбеков медициналық көмек көрсетіп жатыр.