Экономика • Бүгін, 13:41

Республикалық бюджетте әкімшілік шығындардың үлесі азайтылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен тиімділігі расталмаған жобалар алынып тасталды. Бұл туралы Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Республикалық бюджетте әкімшілік шығындардың үлесі азайтылды

Ол үш жылдық бюджетті әзірлеу кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 жылдық болжамы жасалғанын және ол әр 3 жыл сайын жаңартылып отыратынын айтты.

Бұл – фискалдық және монетарлық саясаттардың өзара байланысын қамтамасыз ететін негізгі элемент. Одан бөлек бюджеттік шолу қорытындысы бойынша 68 млрд теңге оңтайландырылды, бұл ретте мемлекеттік қызметтердің сапасына нұқсан келген жоқ.

Әкімшілік шығыстардың үлесі 15%-дан 12%-ға дейін төмендетілді. Бюджеттік шолу нәтижелері мен оңтайландыру жөніндегі шешімдер ашық ақпарат көздерінде жарияланған.

«Инвестициялық тәртіпке көшу нәтижесінде тиімділігі расталмаған жобалар бюджеттен алынып тасталды, жеткіліксіз қаржыландыру тәуекелдері азайтылып, ресурстар шын мәнінде басымдыққа ие күрделі жобаларға бағытталды», деп атап өтті Абзал Бейсенбекұлы.