Қазақстан • Бүгін, 13:28

Елімізде жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18–23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап. 

Елімізде жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

ІІМ мәліметінше, бұл іс-шараны өткізу қажеттілігі соңғы кезде орын алған ауыр жол-көлік апаттарымен, сонымен қатар  қаза болған адам санының өсуіне байланысты.  

«Осы күндері патрульдеу маршруттарының саны және полиция қызметкерлерінің қадағалауы көбейтіледі, облыстық және аудандық жолдарда рейдтер ұйымдастырылады, мұнда биыл жол-көлік апаттарынан болатын өлім көрсеткіші 31%-ға артқан. Сондай-ақ жылдамдық режимі, озып өту және қарсы жолаққа шығуға бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, заңсыз тасымалдаушыларға және таксилерге тексеріс қатаңдайды», делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ атап өткендей, жол инспекциясы күн сайын жолдың жай-күйін бақылауда ұстайды.

«Полиция жол қозғалысы қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға, абай болуға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады. Әркімнің қауіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың тәртіптілігі мен жауапкершілігіне байланысты», дейді полицейлер.