Балалар • Бүгін, 17:56

Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған. 

Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті

Халықаралық деңгейде өткен байқауда 60 би ансамблі өнер көрсетті. Байқаудың хореографиялық кезеңінде «Еркем-ай» би ансамблі өнер көрсетіп, үлкен топ – бірінші және екінші орын, орта топ екінші орын алды.

Дарынды балаларды өнерге баулып жүрген хореограф Ақерке Жанболқызы Жезқазған қаласындағы музыкалық колледжі тәмамдап, туған жері Ш.Ералиев ауылына «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен келген.

Ауылда «Еркем-ай» би студиясын ашады. Би ансамблі алты жылдың ішінде көптеген жетістікке жетті. 2019 жылы Алматы қаласындағы өнер байқауында екінші орын, Қарағанды қаласында бірінші орын алады. 2020 жылы Қарағанды қаласындағы халықаралық байқауда бас жүлдені олжалады. 2021 жылы Шымкент қаласында екінші орын иеленді. 2023 жылы Жезқазған қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Ulytau Fest» байқауында бірінші орын алып, ансамбльдің мерейі үстем болды.

«Ауыл балаларының сахнада өнер көрсетсем деген арманы орындалып жүр. Біздің мақсат – тек би билеу емес, би арқылы балаларды тәрбиелеу, шабыт беру және ұлттық өнерге деген махаббатты ояту!», дейді «Еркем-ай» би ансамблінің жетекшісі Ақерке Көпбосынова.

Ұлытау облысы