Оқиға • Кеше

Астанада лифт шахтаға құлап, бір адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада лифт шахтаға құлап, бір адам қаза тапты

Қаладағы Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайындағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде апат болып, бір лифт қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

«Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, тағы екі қызметкер қалалық көпсалалы №1 ауруханаға жеткізілген. Бір адамның жағдайы орташа ауырлықта, екіншісінікі ауыр деп бағалануда. Бір пациент анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі көпсалалы жарақат бөліміне жатқызылған», делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.