Фото: pinterest.com
Ғылыми тағылымдама – бұл шетелде оқу мүмкіндігінен әлдеқайда кең ұғым. Ол әлемдік ғылыми қауымдастықтың бір бөлігіне айналып, жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды меңгеруге, зерттеу жұмысын халықаралық деңгейге көтеруге және кәсіби өсуге жаңа жол ашуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:
-
Қазақстан азаматы болу;
-
ғылым докторы, кандидат немесе PhD / профиль докторы / магистр дәрежесінің болуы;
-
соңғы 12 айда ғылыми мамандануы бойынша үздіксіз жұмыс тәжірибесінің болуы;
-
қабылдаушы ұйымнан шартсыз шақыру хатының болуы;
-
мемлекеттік тілді (ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq RESMI TEST) В1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын сертификат;
-
шет тілін (мысалы, ағылшын тілі – IELTS 5.0, Duolingo 80, TOEFL iBT 35) білуді растайтын сертификат;
-
ғылыми жарияланымдардың болуы.
Құжаттар онлайн форматта немесе қағаз түрінде қабылданады.
Өтінім беру сілтемесі: https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass474_mon
Қосымша ақпарат пен кеңесті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан алуға болады: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu-po-ns