Аймақтар • Бүгін, 16:20

Дәрігерді өлтіріп, 5 млн теңгесін иемденген күдікті 20 жылға сотталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 69 жастағы  дәрігерді өлтіріп, есепшоттарындағы 5 млн теңгеден астам соманы  иеленген диализдік орталықтың медицина қызметкерін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерді өлтіріп, 5 млн теңгесін иемденген күдікті 20 жылға сотталды

Сотталушы Ш. диализдік орталықта  бірге жұмыс істейтін дәрігер Абай Айсағалиевтің  ұялы телефонына банк қосымшаларын жүктеп, құпия сөздерін орнатып беріп тұрып, оның  есепшотында қомақты қаржы жатқанын көріп, қаскөйлік әрекетін жоспарлайды. Дәрігер осы жазда көзіне ота жасауға Астанаға баратын болып,   пәтерінің кілтін Ш.-ға тастап кетеді.  Күдікті Астанадан келген дәрігердің үйіне іздеп барып, өлтіріп, тоңазытқышқа салып кетеді. Өзімен бірге алып келген бетпердені киіп, марқұмның смартфонындағы 5 миллион 268 мың теңгені шешіп алады және   ноутбугын, планшеті мен ұялы телефонын ұрлап кетеді. Артынан «Газель» көлігін жалдап, тоңазытқышты  тиеп алып, қала сыртындағы ескі гараждардың біріне апарып қояды.  Дәрігердің бірнеше күн байланысқа шықпай қалғанынан сескенген туыстары іздеу салады.

Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, бейнебақылау камераларындағы жазбалармен, заттай айғақтармен дәлелденді. Қылмыстық Кодекстің пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және ірі мөлшердегі ұрлық баптарымен айыпталған сотталушының ісін алқабилер қарады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады.

Ақтөбе облысы