
«Нұрхан Ахметбеков Торғай өңіріндегі мәдениеттің ұйытқысы болған, алғаш халық театрын құрған, өзі – ақын, күйші, композитор. Нұрхан атамыздың Мәлікзада деген ұлы болған, кезінде ол кісі де айтысқан. Өкінішке қарай, өмірден ерте өткен. Ақынның домбырасын музей қорына осы Мәлікзаданың жұбайы Тұрағал аманаттап тапсырыпты. Бұл – Нұрханның алғашқы ұстаған домбырасы. Одан кейінгі домбырасы мен өзге де дүниелері Торғайдағы өзінің мұражай-үйінде тұр. Музей-үйді ұрпақтары әлі күнге дейін сақтап, ұстап отыр. Дегенмен, заттарының бір бөлігін біздің мұражайға тапсырған. Оның ішінде осы ағаштан, ағаш шегелермен бекітіліп жасалған кішігірім қалақ домбыра да бар», дейді музей қызметкері Батырлан Сағынтаев.
Қостанай облысы