Президент • Бүгін, 16:08

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгін Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізілетінін мәлімдеп, қазақстандық ғалымдарды марапаттады. Ал бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады.

Соңғы жаңалықтар