Фото: Ашық дереккөз
Мамандардың мәліметінше, еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде және күндіз жаңбыр жауады. 11 сәуірге қараған түні шығыс өңірлерде қар жаууы мүмкін.
«11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұман түседі деп болжанған», делінген хабарламада.
Синоптиктер құбылмалы ауа райы кезінде азаматтарды, әсіресе көлік жүргізушілерін жолдарда сақ болуға және тұман кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Еске сала кетейік, 10 сәуір күні Қазақстанның бес қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.