
Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылды.
Атап айтсақ, жалпы құны 12,3 миллион теңгені құрайтын 20,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары, оның ішінде 1 тонна тауық еті, 800 келі, 2 тонна сүт, 1 мың дана жұмыртқа, 200 келі тұз, 200 келі балық, 5 тонна ұн, 700 келі бал және 500 келі кондитерлік, 500 келі макарон, 10 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды. Жәрмеңкеде қажетті тауарлар нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағада өткерілді.
Тараз