Спорт • Кеше

Астанада спорттық балық аулаудан ашық чемпионат өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-қыркүйекте елордалық спорттық балық аулау федерациясының ұйымдастыруымен, жағалаудан спиннинг арқылы спорттық балық аулаудан Астанада ашық чемпионаты өтті. Жарысқа 17 командадан 51 спортшы қатысты. Турнир екі турдан тұрды, әрқайсысы үш сағаттан, үш секторда өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада спорттық балық аулаудан ашық чемпионат өтті

Ауа райының күрт өзгеруі жарысты қиындатқанына қарамастан, қатысушылар жоғары шеберлік пен тактикалық дайындықтарын көрсетті.

Жеке есепте бірінші орынды Данил Коротовский, екінші орынды Дархан Әбілқайыров, үшінші орынды Азамат Қалиев иеленді.

Топтық есепте бірінші орын «Жігіттер» (Денис Абаназиди, Константин Беспалов, Азамат Қалиев) командасына бұйырса, екінші орынды «Номад Про» (Дархан Әбілқайыров, Бауыржан Қалиев, Бауыржан Жарылқапов) иеленді. Үшінші орынды «Spinmasters» (Александр Капченко, Дархан Исмаилов, Антон Мелков) місе тұтты.

Жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жас спортшылар, мектеп оқушылары - Арсений Радионов, Кирилл Бондаренко және Ерхан Әбілқайыров демеушілерден бағалы сыйлықтар алды.

«Жарыс Туризм және спорт министрлігі бекіткен ережелерге, сондай-ақ FIPSed қолданыстағы қағидаларына сәйкес өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты - елде спорттық балық аулауды және салауатты өмір салтын насихаттау», - деп атап өтті федерация хатшысы Андрей Рогов.

Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазылар алқасын бас төреші Алексей Крутов, төрешілер Бақытжан Әділбеков пен Андрей Рогов атқарды.