Заң • Кеше

Алатау қаласында 5 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатау қаласында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алатау қаласында 5 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Жер учаскелерінің координаттарымен жасалған манипуляциялар анықталды. Кейбір учаскелер заңсыз түрде Қараой ауылдық округінен Байсерке ауылдық округіне орын ауыстырған. Прокурордың талап-арыздары бойынша олар мемлекет қорына қайтарылды. Жалпы ауданы 66,5 га, кадастрлық құны 1,8 млрд теңге құрайды.

Осыған ұқсас тағы бір іс сотта қаралуда, оның ауданы 3,4 га, кадастрлық құны 96,9 млн теңге.

Сонымен қатар прокуратура жалпы ауданы 236 га, кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 21 жер учаскесін анықтады.

Бұл учаскелер заңсыз берілген, ал бір бөлігі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Қазіргі уақытта оларды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде сотқа талап-арыздар жолданды.