Ауа райы • Бүгін, 00:29

Қазгидромет: Бес өңірде күн суытып, үсік жүреді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет: Бес өңірде күн суытып, үсік жүреді

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің қалған бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы жауын-шашын әкеледі.

- Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, - делінген "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, республикамыз бойынша желдің күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Еліміздің шығысында көктайғақ болуы да мүмкін. Үсік те жүреді.

- Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Жетісу облысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, сондай-ақ Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С-ге дейін төмендейді деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлейтті аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Осы уақытта Алматы мен Тараз тауларында қар жауып тұр.