Саясат • Бүгін, 07:55

Ынтымақтастық бағыттары талқыланды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим бин Мұхаммед Әл-Маликпен кездесу өткізді.

Ынтымақтастық бағыттары талқыланды

Сурет: akorda.kz

Әңгімелесу барысында Қазақ­станның ИСЕСКО-мен білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынты­мақ­­тастығының негізгі бағыттары талқыланды.

Ерлан Қарин дәстүрлі «Тоғызқұ­малақ» ойынының Ислам әлемі мұра­ларының тізіміне енгізілгені үшін ризашылық білдірді. Сондай-ақ Қазақ­станның «Ою-өрнек», «Қармақшы жырау» секілді ұлттық аталымдарын одан әрі ілгерілетудің маңызын атап өтті.

Салим Әл-Малик Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, еліміз ИСЕСКО-ның сенімді серіктесі екенін, сонымен қатар өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін жаңа идеяларға ашықтығын жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара түсіністікті нығайтуға бағыт­талған ынтымақтастықты дамытуға бейіл екенін растады.