
Фото: Ашық дереккөз
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жастар неке қию үшін көбінесе маңызды күндерді таңдайды. Мысалы, 9 қыркүйек – қос тоғыз тоғысқан күні 631 жұп некесін тіркеген, сондай-ақ дәл сол күні 1 195 сәби дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетейік, некеге тіркелу үшін өтінішті кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы алу мүмкін. Онлайн өтініш тек Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді, ал бөлімшелерге кез келген азамат бара алады.