ЖОЛДАУ • Бүгін, 12:45

Президент: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы қажет

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру арқылы мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz

Президент: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы қажет

Президент мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін, бірақ бюрократиялық рәсімдердің әлі де бизнеске кедергі болып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы ең алдымен салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру үдерісінде көшбасшыға айналып, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды салық төлеушілердің мүддесіне сай тиімді қолдануы тиіс.

Сонымен қатар жаңа Салық кодексі тек нормаларды өзгертумен шектелмей, ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа салық мәдениетін қалыптастыруы қажет.

«Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды. Олардың адал еңбегінен түскен салықты елімізді дамытуға жұмсайды. Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев даму институттарының да рөлін күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бұл құрылымдар нақты салаларға бағытталған, терең талдау жүргізіп, инвестиция салуға құқылы толыққанды даму институттары ретінде жұмыс істеуі қажет.