Шаруашылық • Кеше

Санақ деректері құпия сақталады – Ұлттық статистика бюросы

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы санағы аясында жиналатын барлық мәліметтер құпия түрде сақталып, ешбір мемлекеттік органға берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Санақ деректері  құпия сақталады – Ұлттық статистика бюросы

Фото: malim.kz

Оның айтуынша, респонденттерден алынатын ақпарат тек жалпыланған түрде өңделіп, аграрлық саланың жағдайын талдауға ғана қолданылады. Деректер салық органдарына, полицияға немесе басқа мемлекеттік құрылымдарға берілмейді.

«Барлық дерек «Мемлекеттік статистика туралы» Заңмен қорғалған және елдің аграрлық саласындағы жағдайды талдау үшін жалпыланған түрде ғана пайдаланылады. Санаққа қатысқан әрбір қызметкер ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды және ақпаратты сақтау жүйелері ақпараттық қауіпсіздіктің барлық талабына сәйкес келеді», деді спикер.

Сондай-ақ, тамыз айында 1446 қысқа нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады. Бұл желі ауыл шаруашылығы санағына қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар тіркеу кезіндегі техникалық ақаулар, сауалнамаларды толтырудағы қиындықтар немесе басқа да сұрақтар бойынша нақты жауап ала алады.

Соңғы жаңалықтар

Жол апаты азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Ағайындар атамекенге оралды

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:00

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Медицина • Бүгін, 09:55