Әлем • Кеше

Түркияда орман өрттерінен жүздеген нысанға зақым келген

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы екі ай ішінде Түркияның 13 аймағында болған орман өрттері 407 тұрғын үйді, 17 коммерциялық ғимаратты және 96 шаруашылық құрылымды толығымен жойып жіберген немесе айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда орман өрттерінен жүздеген нысанға зақым келген

Фото: Reuters

Ішкі істер министрі Али Ерликаяның сөзінше, табиғи апат орын алған өңірлерде шығын көлемі нақты есептеліп, залалды өтеу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Мемлекет тарапынан бөлінген 128 миллион түрік лирасының 83 миллионынан астамы зардап шеккен тұрғындарға өтемақы ретінде үлестірілген.

«Баспанасынан айырылған азаматтар арнайы дайындалған 105 модульдік үйге орналастырылды. Қауіпті ауа райы жағдайлары аясында барлық тұрғындарды мұқият болуға шақырамын», деді министр Ерликая.

Түркия билігі орман алқаптарындағы өрттердің басым бөлігі адамдардың әрекетінен туындағанын бірнеше рет ескерткен. Ел аумағында 2024 жылдың басынан бері тіркелген 4 247 орман өрті жағдайының 96 пайызына адамдардың немқұрайлығы немесе қасақана әрекеттері себеп болған. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше