
Бағбан суды дайын краннан алмайды. Белесебетіне мініп қаланың іргесіндегі жасанды суқоймасынан тасиды.
«Бір барғанда 5 литрлік 5-6 құты су әкелемін. Үйге келіп тұрған судың құрамында хлор болады, ол – өсімдікке зиян. Бес жылдан бері гүл өсірумен айналысып келемін. Тұрған жерінің таза, жинақы болғаны бәріне жақсы ғой. Жан-жағыма кішкене болса да тигізген пайдам болсын деп өз қолыммен еккен гүлдер ғой, анадайдан жайқалып тұрғанын көріп көз қуанады», дейді Махамбет Иманқұл.
Тұрғынның айтуынша, Арқалықта өзі сияқты гүл өсіретін адамдар баршылық. Мәселен, Абай даңғылы бойындағы 50-үйдің тұрғындары да ауласын тап-тұйнақтай етіп, гүл өсіріп, көпке үлгі көрсетіп отыр. Әсіресе Жаңылай Ахметова, Татьяна Дутковская сияқты зейнеткерлер үйлерінің айналасын гүлдендіріп, жайнатып отыр.
«Адамның айналасы таза болса, бойы да, ойы да сергек болады. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының басты мақсаты да – осы ғой. Қазір жұрттың көбі табиғат алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзі тұрып жатқан жерді таза ұстайтын болды. Жалпы, тазалыққа көз үйренген жақсы ғой», дейді бағбан.
Қостанай облысы