
Оқиға орнында түсірілген фото-видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте «Аспан сити» тұрғын үй кешенінде болған. Жігіт 12-қабаттың ортақ балконынан секіріп кеткен.
«Полиция қызметкерлері 8 қыркүйекте Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде Алматы қаласының 20 жастағы тұрғынының өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам бұған дейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген деген болжам бар», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, деп толықтырды полицейлер.