
\\Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Астанада күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды қаласы мен Жетісу облысында найзағай ойнайды.
Ақтау мен Тараз қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай қаласында, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, тұман түсіп, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы, Жезқазған қалаларында, Жамбыл, Ұлытау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.