
Қадағалаушы органның берген түсініктемесінде оның Алматы әуежайында мас күйіндегі жанжал шығарғаны үшін ұсталғаны айтылады.
Бас прокурорды ІІМ көліктегі полиция департаментінің әуежайдағы полиция бөлімінің қызметкерлері байқаған.
– Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады, – деп ақпарат таратты Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Е.Әбдіров 1977 жылы дүниеге келген, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу") және 434-бабы 1-бөлігі ("Қоғамдық орындарда былапыт сөздер айту, азаматтарға тиісу және басқа да қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер") бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылғаны белгілі болып отыр.