Күдіктінің үйінен қолдан жасалған қару, ауласынан марихуана өсімдігі табылған.
«Үйге тінту жүргізу барысында табылған қару тәркіленді. Сараптама оның ойық ұңғылы атыс қаруы екенін және атуға жарамды екенін анықтады. Сонымен қатар, үйдің іргесінде өсіп тұрған алты түп марихуана тәпкіленді. Есірткінің салмағы 11,5 килограммнан асты», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында жатыр. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған.
Қостанай облысы