
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Руслан Айтыкенұлы – Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылының тумасы.
Мемлекеттік қызметте 2002 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Абай ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Қарағанды облысының Әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Облыстық монополияға қарсы инспекцияны, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментін басқарған.
Р.Кенжебеков Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде кеңесші қызметін атқарған.
2023-2024 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі болды. Кейін Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму және бақылау бөлімінде өңірлік инспектор қызметін атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа тағайындауға дейін «ORKENDEU» бизнес пен инфрақұрылымды дамыту қауымдастығы» ЗТБ жанындағы Монополияға қарсы саясат комитетін басқарды.