Қоғам • Бүгін, 08:10

Жастар жарысқа шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Торғайда Алаш қайраткері Міржақып Дулат­ұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» атты этно-реалити жобасы аясындағы жарыстар өтті.

Жастар жарысқа шықты

Аталған іс-шара ба­рысында оқу­­­ш­ы­лар мен сту­­денттер, мемле­кет­тік қызметшілер, әр сала­да еңбек етіп жүрген жұ­мыс­шы жастар ұлттық спорт пен ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.

Жарыстың алғашқы күні әуесқой спортшылар садақ тартып мергендік қабілеттерін сынап көрді. Сондай-ақ зияткерлік ойынға қатысып, білім мен ой бәсекесіне түсті. Әсіресе осы күнгі волейболшылар жарысы аса тартысты өтті.

Іс-шараның үйлес­тіру­шісі Марғұлан Бәкірдің айтуынша, басты мақсат – ауыл жастарының басын қосатын әрі ұлттық құн­дылықтарды насихат­тайтын өңірлік жоба қа­лып­тастыру, осы арқы­лы өске­лең ұрпақты сала­­мат­ты өмір салтына ша­қыру.

Этно-реалити жобасы­ның екінші күні балуан­дар белдесуі басталып, көрермен жарты күн бойы боз кілем­нің үстінен қызық аулады. Түс ауа қой көтеру, арқан тартыс тәрізді ұлттық ойындарға кезек берілді. Мұның соңы аудан еріктілерінің «Тазалықты өзіңнен бас­та» экологиялық акциясына ұласты.

Ауыл жас­та­рын бір серпілткен іс-шара со­ңын­да жарыс жеңім­паз­­дары марапатталып, көп­шілік аудан, облыс кө­ле­мінде өнер көрсетіп жүрген дарынды әнші, күйшілердің концертін тамашалады.

 

Қостанай облысы