Кәсіпкер • Бүгін, 13:10

Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Аягөз ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысы талданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды

Тексеру нәтижесінде 31 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауардың 10 позициясы бойынша кәсіпкерлер өнімді белгіленген шекті бағадан жоғары бағада сатқандығы анықталды. Сонымен қатар, жергілікті билік тарапынан тиісті бақылау деңгейі жеткіліксіз болғаны белгілі болды.

Ұлытауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 205 кәсіпкерге айыппұл салынды

Прокуратураның араласуынан кейін баға тұрақтандыру жұмыстары жанданып, мониторинг күшейтілді. Кәсіпкерлер арасында тауар бағасын негізсіз көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, бір дүкенмен әлеуметтік маңызы бар өнімдерді шекті бағадан 10-15% төмен бағада сату туралы келісім жасалды.

Жасанды интеллект азық-түлік бағасын бақылауға көмектеседі

Ал үш дүкен иесі белгіленген шекті бағадан 15%-дан астам асырып сатқан фактілері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар