
Фото: Qazsporttv
Кумитэ және ката бағдарламасы бойынша жүлдеге таласатын спортшылар турнирде мынадай жас ерекшеліктерін қамтиды: жасөспірімдер (12-13 жас), юниорлар (14-17 жас), жастар (18-20 жас), ересектер (18 жастан асқандар).
Qazsporttv мәліметінше еліміздің намысын әлем және Азия додаларының жүлдегерлері мен чемпиондары – Әлихан Қадырғали, Венера Жақсыбаева, Олжас Алтынбек, Мирас Әбдіқадыр, Сұңқар Қанибек секілді үздік спортшылар қорғайды.
Kazakhstan Open халықаралық турнирі Қазақстан құрамасы үшін рейтингтік жарыс саналады. Оның қорытындысы бойынша жастар құрамасы жасақталып, биыл қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.