Спорт • Бүгін, 12:15

FIM өкілі Нита Корхонен Астанаға ресми сапармен келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында Қазақстанға Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM, Швейцария) Ұлттық федерациялармен байланыс жөніндегі директоры Нита Корхонен келді, деп жазады Egemen.kz.

FIM өкілі Нита Корхонен Астанаға ресми сапармен келді

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Қазақстан автомотоспорт федерациясының басшылығы кездесу барысында спидвей мен мотокросты дамыту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау мәселесі талқыланды.

Сапар аясында Нита Корхонен Астана қаласының Теміржолшылар кентінде орналасқан «Гавриленко» мотокросс мектебінің жұмысымен танысып, жас спортшылармен жүздесті.

Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ