Аймақтар • Бүгін, 08:40

«Жұлдыздағы» жаңа станса

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласының «Жұлдыз» шағын ауданында кернеуі 110/10 киловаттық жаңа қосалқы станса іске қосылды. Ол аталған ауданнан бөлек, ескі әуежай, 6, 7, 8, 9, 10-шағын аудан тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді.

«Жұлдыздағы» жаңа станса

Құрылыс өткен жылы бас­талған еді. Заманауи жоғары кернеулі жабдықтар орнатылған қосалқы стансада қуатты екі трансформатор, кернеуі 110 киловольттық, ұзындығы 300 метрлік 6 тізбекті әуе желісі, 4 анкерлі тірек, 5 көлік сиятын автотұрағы бар жөндеу базасы, әкімшілік-тұрмыстық корпус салынды.

– Жобаға отандық «Alageum Electric» компаниясының жо­ғары вольтты жабдықтары пайдаланылды. Нысан толықтай іске қосылған соң, бұл жерде «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» мамандары тұрақты түрде қызмет етеді. Құрылысты сапалы орындап шыққан мердігер ұйым қызметкерлеріне алғыс айтамын. Бұл жоба – өңіріміздің инфрақұрылымдық дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту­ға айтарлықтай үлес қосады, – деді нысанның ашылу салтанатына арнайы келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Жаңа станса қала іргесін­дегі өндірістік аймақтарды электр­мен қамту ісін де сенімді ете түсті. Жобаға республика қазынасынан 3,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 190 млн теңге қаражат бөлінген.

 

Батыс Қазақстан облысы