Заң • 10 Маусым, 2025

Ақтөбеде екі сәбиін өлтірген әйелге қатысты сот аяқталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облыстық  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының үкімімен  үш жастағы ұлы мен он бір айлық қызын тұншықтырып өлтірген 29 жастағы әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы мекемеге емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде екі сәбиін өлтірген әйелге қатысты сот аяқталды

Оқиға 23 наурызда Мұғалжар ауданының орталығы  Қандыағашта   орын алды. Атырау облысының Сағыз ауылынан ата-анасының үйіне келген келіншек  шизофренияның асқынған түріне ұшырауынан осындай қылмысқа барған.  Тергеу кезінде оның босанғаннан кейінгі ауыр күйзелістен айыға алмағаны  анықталып, тергеу изоляторынан Талғардағы жүйке ауруларын емдейтін  ауруханаға жіберілді.

Атырау облысында тұратын күйеуі  қылмыстық  іс орын алғанда өзінің  вахталық жұмыста болғанын хабарлаған. Айыпталушы   информатика пәні мұғалімі, Қ. Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік университетін тәмамдап, тұрмыс құрғаннан бастап Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,  Сағыз ауылындағы мектепте жұмыс істеген. Осыған дейін психиатриялық есепке тұрмаған.

Сотқа айыпталушы қатыспады. Сарапшылардың шешімін сотталушының қорғаушысы таныстырды.

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше