Оқиға • Кеше

ЖИ қолдануға арналған нұсқаулық жарық көрді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы нұсқаулық жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz

ЖИ қолдануға арналған нұсқаулық жарық көрді

Суретте Цифрлы нұсқаулықтың грузиндік авторлары Иракли Гвинианидзе мен Ани Сирбиладзе

Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған алғашқы практикалық құрал.

Құжат осы жылдың 14-16 мамырында Астанада орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың 50-ден астам баспасөз хатшысы мен баспасөз қызметкері қатысқан семинар-практикум материалдары негізінде даярланды. Анықтамалықта ЖИ пайдалану бойынша нақты қадамдар көрсетіліп, сарапталған ЖИ құралдары мен технологияларды қазіргі жағдайда этикалық тұрғыда, қауіпсіз әрі тиімді қолдану бойынша нақты ұсыныстар қамтылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына жасанды интеллектті енгізу күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға, коммуникацияны әр жеке тұлғаға бағыттай отырып, құруға, қоғамдық пікірді талдауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады.

Нұсқаулықта ЖИ мемлекеттік секторға табысты интеграциялау кейстері берілген. Эстониядағы Bürokratt жобасы мемлекеттік қызметтерге жаппай қол жеткізетін бірыңғай цифрлық ортақ арна жасауға көмектессе, Франция азаматтардың миллиондаған өтініштерін өңдеуді дербес жасанды интеллект Albert арқылы жетілдіріп жатыр. Ал Грузиядағы Үкімет жанындағы Жасанды интеллект кеңсесі чат-боттар, болжамды талдау жүйелері және мемлекеттік коммуникациядағы этикалық стандарттарды енгізу жұмыстарымен айналысады.

Семинар сарапшылары жүргізген бастапқы сауалнамалар мен талдаулар нәтижесінде жасанды интеллект құралдарын енгізу мемлекеттік қызметшілерге мониторинг пен контент әзірлеуге жұмсалатын уақытты 60-70 пайызға қысқартуға, күнделікті процестерді автоматтандыруды аптасына 5 сағатқа дейін жеткізіп, жалпы коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік беретіні анықталды.

Нұсқаулық Астана мемлекеттік қызмет хабының тапсырысы бойынша Грузия мен отан сарапшылары қатысуымен әзірленді. Ол жасанды интеллектті өз қызметіне интеграциялауды көздейтін мемлекеттік қызметшілерге арналған және этикалық нормалар, ашықтық қағидаттары мен мәдени контексті ескеру талаптарына сай келеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03