Форум • Кеше

Жас дарындар марапатталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы «Ата­мекен» өнер ордасында «Ақжайық жас дарыны – 2025» облыстық фо­румы өтті. Жиында республикалық және ха­лықаралық білім сайысында жоғары нәтиже көр­сеткен оқушылар мен олар­дың жетекшілері марапатталды.

Жас дарындар марапатталды

Форумға Батыс Қа­зақстан облысының әкімі Нариман Тө­реғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, об­лыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, «Өр­леу» БҚО филиалының дирек­торы Софья Ізмұханбетова, ар­дагер ұстаздар, дарынды оқу­шылар және олардың ата-аналары қатысты. Іс-шараға 800-ге жуық адам жиналды.

Жиынға қатысушылар форум алдында ұйымдастырылған арнайы көрмеде 10 оқушының ғы­лыми жобасымен жақын танысты. Ал салтанатты бөлімде ­78 оқушы мен 76 педагогтің же­тіс­­тігі аталып, олар Алғысхатпен ­және гүл шоғымен марапатталды.

Форум соңында Социалистік Еңбек ері Кенжебек Меңдәлиев атындағы мектеп оқушысы Саида Әбуханова сөз сөйледі.

– Менің бұл жеңістерім жәй ғана нәтиже емес, үлкен тәжірибе болды. Өзіме сенімім күшейіп, көптеген достар табуыма, жаңа мүмкіндік әлеміне есік ашуыма көмектескен ерекше сәт болды. Әрине, бұл жетістігіме ұстазым Диана Азаматқызының қосқан үлесі зор. Ол ұстазым ғана емес, әрі ақылшым, әрі се­німді досым секілді. Сол кісінің қолдауымен, бағыттауымен қарапайым ауыл баласы да осындай үлкен жеңіске жете алатынын дәлелдей алдым. Бізге білім берген алтын ұя мектебімнің барлық ұстазына алғыс айтамын. Білім мен ғылымға көр­сетілген зор қамқорлығы үшін мемлекетімізге, облыс басшыларына ризашылығымыз шексіз. Осы үмітті ақтауға тырысамыз, – деді Жалпақтал ауылынан келген жас ұлан.

Өңір басшысы елімізде және облыста білім саласында жасалып жатқан жұмысқа тоқталды. Ақжайықтық оқушылардың білім саласындағы табыстарына жоғары баға беріп, үздік оқу­шылар мен ұстаздарды ерекше ықыласпен құттықтады. Батыс Қазақстан облысында «Ке­лешек мектептері» жобасы ая­сында былтырдан бері 3 оқу орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы 6 білім ордасы бой кө­тере­ді. Алдағы жылы күрделі жөн­деуден өтіп, жаңаратын ғима­раттар қатарында Саида оқитын Кенжебек Меңдәлиев атындағы мектеп ғимараты да бар.

 

Батыс Қазақстан облысы