Спорт • 16 Мамыр, 2025

Руслан Сариев Франсиско Фигередомен айқасады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық «Алаш Прайд» промоушені 27 мамырда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен халықаралық турнир ұйымдастыруды көздеп отыр.

Руслан Сариев Франсиско Фигередомен айқасады

Аталған жарыста Руслан Сариев та өнер көрсетеді. Осыған дейін 17 мәрте айқас алаңына шығып, 13 рет жеңіске жеткен жерлесіміз дәл осы ұйымның алтын белбеуінің иегері. Бұл атаққа Руслан былтырғы жылдың қараша айында UFC-дің бұрынғы жауынгері, бразилиялық Раулиан Пайвоны ұтып қол жеткізді.

Астанадағы турнирде де Сариев кезінде UFC-де күш сынасқан Бразилияның тағы бір өкілімен айқасады. Қандасымыздың қарсыласы – Франсиско Фигередо. Оның да есімі көпшілікке жақсы таныс. Фигередо барлығы 19 рет октагонға шығып, 13 кездесуді өз пайдасына шешті. Бес рет ұтылып, тағы бір бәсекені тең аяқтады. (13-5-1),