
Фото: ҰҚК
Оқиға 12 мамыр күні тіркелген. Ресми мәлімет бойынша, Ресейге бағыт алған жүк көлігінің салонын тексеру кезінде, шамамен 22 тонна Coca-Cola салынған жәшіктердің арасында жасырынған адамдар табылған.
«Тексеру кезінде көлік ішінен шетелдік 29 азамат анықталды. Олар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы — «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазіргі таңда күдіктілердің қай елдің азаматтары екені және оларды тасымалдауға кімнің қатысы бары анықталып жатыр.