Оқиға • 23 Сәуір, 2025

Қостанайдағы қоқыс полигонынан өрт шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласындағы «Солтүстік» қоқыс полиганы отқа оранды. Өрттің таралу аумағы анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайдағы қоқыс полигонынан өрт шықты

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі таңда оқиға орнында 2 бульдозер, 3 өрт сөндіру көлігі және 1 жылжымалы насос станциясы жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімдігінің  мәліметінше, өрттің таралуы айналадағы нысандарға қауіп төндірмейді. Тілсіз жау толық ауыздықталғаннан кейін, жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданады.

Алайда, қала тұрғындары түтін мен күйік иісіне шағымданған. Бұл мәселе де тиісті органдардың бақылауына алынған.