Спорт • 17 Сәуір, 2025

Эдуард Ким әртістік жүзуден қола медаль еншіледі

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мысырдағы Хургада шаһарында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Ұлттық құраманың өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эдуард Ким әртістік жүзуден қола медаль еншіледі

Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.

Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.