
Фото: ашық дереккөз
Бағдарлама жастар үшін үлкен мүмкіндікке айналды: олар төмен бағамен пәтер жалдап, осы уақыт ішінде өз баспанасына бастапқы жарна жинай алады.
Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарға қолдау көрсету мақсатында, өңірлік деңгейде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында арнайы квота бөлінді.
«Отбасы банк» арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несие шарттары төмендегідей:
-
Бастапқы жарна: 10%
-
Жылдық мөлшерлеме: 5%
-
Ең жоғары сома: 20 млн теңгеге дейін
-
Несиелендіру мерзімі: 19 жылға дейін
Бүгінгі күнге дейін 1 873 жас «Отбасы банк» филиалдарына жеңілдетілген ипотека алу үшін өтініш беріп үлгерді. Бұл жалпы қатысушылар санының 75%-ын құрайды.
Қала бойынша статистика:
-
Астана: 677 өтініш
-
Алматы: 708 өтініш
-
Шымкент: 488 өтініш
Осы қатысушылардың ішінде:
-
262 адам қазірдің өзінде баспана иесі атанды (Астанада – 231, Алматыда – 31)
-
316 жас өзіне қолайлы тұрғын үй іздеп жатыр
Өтініш қабылдау жалғасып жатыр.