Спорт • 28 Наурыз, 2025

Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатын жеңіспен бастады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иордания астанасында әйелдер күресінен Азия чемпионатының 2-күні өтіп жатыр. Бүгін бозкілемге шыққан 2 бұрымды балуан жарыс жолын сәтті бастағанмен ширек финалда сүрінді. Бұл туралы ТСМ Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: olympic.kz

Олардың қатарында Зейнеп Баянова мен Гауһар Мұқатай бар. 

53 келіде ел намысын қорғаған Зейнеп Баянова іріктеуде Ён Парктан (Оңтүстік Корея) 4-2 есебімен басым түсті. Ширек финалда Солтүстік Корея палуанынан жеңіліп қалды.

65 келіде Гаухар Мұқатай алғашқы белдесуінде вьетнамдық Дю Тон Лаидың  жауырынын жерге тигізді. Ол  ширек финалда әлем чемпионы және бірнеше дүркін жүлдегері, Азия чемпионы Мива Морикавамен белдесуде жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Егер жапониялық спортшы финалға шықса, Гауһар жұбаныш белдесуіне қатысады.

Ал 72 келіде  құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кимнен басым түсті. 

Өкінішке қарай, 57 келіде Нилуфар Раимова мен Тыныс Дүбек іріктеудің алғашқы белдесуінде жеңілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33