Егемен Қазақстан • 28 Ақпан, 2025

Қазақ баспасөзінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақ газеттері» серіктестігінде  қазақ баспасөзіне елеулі еңбек сіңіріп, зейнет демалысына шыққан бірқатар азаматқа құрмет көрсетілді. Сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалып жатқан журналистерге «сәт сапар» айтылды. Жиынды Бас директор Дихан Қамзабекұлы жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ баспасөзінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы

Ұжым басшысы қазақ журналистикасының аға буын өкілдері Самат Мұса, Төреғали Тәшен, Жаңабек Тойбазаровты зейнет демалысына шығуымен құттықтады.

«Мемлекетіміздің ақпараттық саясатын тиімді насихаттауға, елдік тұғырды бекітуге сүбелі үлес қостыңыздар. Қоғамның түйткілдерін зерделеп, көкейкесті тақырыптарды қаузаған ізденістеріңіздің нәтижесі бүгінде отандық баспасөз тарихында елеулі орын алады. Іскерлік қабілет пен шығармашылықтағы кәсібиліктеріңіздің арқасында мекеменің өркендеуіне белсене үлес қостыңыздар. «Қазақ газеттері» ұжымының атынан сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, алдағы бастамаларыңызға табыс тілейміз!», деді Д. Қамзабекұлы.

мәжіліс

Сонымен қатар Дихан Қамзабекұлы  Алматы қаласы басылымдарының басшысы Серік Сарыбайға, «Ana tili» газетінің интернет-редакция бөлімінің басшысы Мақсат Мәлікке  алғыс білдіріп, олдардың жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Жиын соңында құрмет иелері арнаулы алғыс хатпен марапатталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше