Дін • 25 Ақпан, 2025

Уағызшылардың ІІ республикалық форумы өтті

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен форум «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Уағызшылардың ІІ республикалық форумы өтті

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген дін қызметкерлері мен уағызшылар қатысты.

Мемлекеттік кеңесші жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу тұрғысынан бұл іс-шараның маңызды екеніне тоқталды. Атап айтқанда, қазір қоғамда бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп, әділдік пен жауапкершілік сияқты құндылықтарды насихаттаудың айрықша мәні бар екеніне назар аударды.  

Жиынға қатысушылар діни ағартушылық қызмет, ең алдымен, дәстүрлі құндылықтар мен отбасы институтын дәріптеуге, қоғамды ұйыстыруға бағытталуы керек екенін атап өтті.

Бұл форум діни ағарту ісінің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және рухани құндылықтарды орнықтыру үшін жаңа тәсілдерді әзірлеуге арналған бірегей алаң саналады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше