Экология • 21 Ақпан, 2025

Экоакция аясында 6 тонна қоқыс шығарылды

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде кең етек алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары көше бойын тазартуға бір кісідей атсалысты.

Экоакция аясында 6 тонна қоқыс шығарылды

Игі бастаманы «AMANAT» партиясының мүшелері қолға алып, оны «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері мен ауыл тұрғындары қолдады. Жалпы сенбілікке 30-ға жуық адам қатысып, бірнеше сағат ішінде 6 тонна қоқыс жинады.

Ауыл көшелерін қоқыстан тазарту – тұрғындар үшін өзекті мәселеге айналған. Әсіресе, құрылыс қалдықтары – бетон сынықтары, кірпіштер, тақтайлар мен пластик панельдердің көрінген жерде шашылып жатқаны көңілге кірбің түсіретін. Қоршаған ортаға немқұрайды қарайтын тұрғындардың кейбірі қалдықтарды арнайы орындарға шығармай, жол жиегіне немесе ашық жерлерге төге берген.

«Кейбір тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін қалдықтарды кез келген жерге тастай салған. Ауылымыз ластанып, қоқыс күн санап көбейе берді. Сондықтан «AMANAT» партиясының мүшелері сенбілік ұйымдастыратынын айтқанда бірден қолдадық», дейді ауыл тұрғыны.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – тек қоқыс жинау ғана емес, ауыл тұрғындарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәселені бір реттік сенбілікпен шешу мүмкін емес, ең бастысы – қоқыстың қайта жиналуына жол бермеу. Сондықтан бұдан былай ауыл тұрғындары апта сайын сенбілік өткізіп, тазалықты сақтап отыруға келісті.

«Біздің мақсатымыз – тек көшелерді тазарту ғана емес, тұрғындарға тазалық мәдениетін үйрету. Тазалық жұмыстары кезінде тұрғындар қоқыстың қаншалықты көп екенін  көрді. Егер әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысса, мұндай ластану мүлдем болмас еді», деді «AMANAT» партиясының мүшесі Бекжан Сүнбеков.

Жиналған барлық қоқыс сұрыпталып, арнайы орындарға шығарылды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар ауылдағы экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15